Қазақстан Тәжікстанның цифрлық технологияларды дамыту ісіне қолдау көрсетеді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Цифрлық үкімет кеңсесіне барды. Екі ел басшыларына отандық IT шешімдер таныстырылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік органдардың азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін IT платформалар жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Ақорда.

Атап айтқанда, сәбидің дүниеге келгенін тіркеу құжатына, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен көлікті рәсімдеуге проактивті өтінім берудің үлгілері көрсетілді.

Азаматтардың өтінім беруіне арналған е-Otinish платформасы және жер қойнауын пайдаланушы субъектілердің қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтауға мүмкіндік беретін ғарыштан мониторинг жүргізу жүйесі таныстырылды.

Сонымен қатар, «Отбасының цифрлық картасы» жобасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. Бұл жоба – құрамына әлеуметтік әл-ауқаттың 100 көрсеткіші және орталық мемлекеттік органдардың 20 деректер қоры кіретін бірегей дерекқор. Дерекқор барлық отбасын әл-ауқаттың бес деңгейі бойынша жіктеуге және оларға проактивті форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша «Өзара түсіністік туралы» меморандумға қол қойылды. Бұл құжат аясында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Тәжікстанның Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігімен электронды үкімет платформасын жүзеге асыруда тәжірибе алмасады.

Сондай-ақ, ынтымақтастық аясында тәжік мамандарын Қазақстанның алдыңғы қатарлы IT мектептері мен ғылыми-зерттеу институттарында оқыту мүмкіндігі қарастырылады. Эмомали Рахмон Тәжікстанда цифрлық технологияларды дамыту ісіне қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8018 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить