Мәжіліс депутаты: Әр деңгейдегі өндіріс орындарына тән ортақ мәселелер бар

Елдің әр деңгейдегі өндіріс орындарына тән ортақ мәселелер бар. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары Динара Шүкіжанова мен Динара Наумованың Павлодар облысына жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірге сапар дайын алюминий өндірісіне қажетті шикізат шығаратын елдегі жалғыз зауыттан басталды. Жылына 1,4 млн тонна өнім шығарады. Сондай-ақ, бұл – Павлодардың ірі жұмыс беруші кәсіпорындарының бірі. Мұнда 8 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Бүгінде зауыт өнімнің 60 пайызы шетелге жөнелтіледі. Қалған өнім ішкі нарықта қалады. Негізгі тұтынушы – дайын алюминий өндіретін Қазақстан электролиз зауыты.

Динара Шүкіжанованың айтуынша, еліміздегі өнеркәсіп саласында ортақ мәселелер бар.

«Өндіріс орындарының алдында бірдей кедергілер туындап отыр. Оның қатарында, отандық өнімді экспорттау, құрал-жабдықтарды алу қиындығы, кадр тапшылығы сияқты мәселелер бар. Бұл олқылықтардың орнын жүйелі түрде толтыру қажет. Мысалы, көршілес Қытай елінде экспорт субсидияланады. Сол себептен, біздің өндіріс орындардың олармен бәсекелесуі өте қиын. Бұл мәселе бүгін ат басын бұрған «Қазақстан алюминийі» зауытына да тән. Онымен қоса, мұнда құрал-жабдықтарды жаңарту қажет екені байқалады», - деді ол.

Депутаттар өнеркәсіпке, басқа да салаларға қатысты жүйелі мәселелер Мәжіліс мінберінде көтерілетіндігін айтты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4870 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Бизнесмен из списка Forbes – о резком росте цен, проблемах бизнеса и недостатках правительства

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить