Алматыда ҚР Конституциясы күні қалай өтеді

Алматыда мерекелік концерт 29 тамызда сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді. Іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады: «Мұзарт» және «Жігіттер» тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дугалова, Hey Monro және т. б., деп хабарлайды 

Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады. Сондай-ақ, 30 тамызда Конституция күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.

- Әуезов ауданында салтанатты іс-шара 29 тамызда сағат 11:00-де, Family Park демалыс саябағында өтеді

- Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла шағынауданы, 347/4) өтеді

- Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді

- Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 17:00-де MEGA Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді

- Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама 29 тамызда сағат 18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша №6 оқушылар үйінің аумағында өтеді. Аудандық мереке туды салтанатты түрде шығаруды, әнұранды орындауды, 16 жастағы азаматтарға жеке куәліктерді табыстауды, ұтыс ойындары мен конкурстарды, сондай-ақ ашық аспан астында кино көрсетуді қамтиды

- Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт 29 тамызда сағат 19:00-де «Гүлдер» саябағында, Серіков көшесі, 2а

- Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Гоголь көшесі, 1-де өтеді

- Алмалы ауданында концерт 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өтеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6931 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Как казахи хотели Чингисхана «украсть»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить