Ақтаудағы борлы тауға атын ойып жазған мәдениет үйінің директоры жазалана ма

 Ақтаудағы борлы тауға қашап жазған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев болып шықты. Еңбек демалысынан шыққан соң оған шара қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтаулық Азамат Сәрсенбаев өз парақшасына борлы тауға ойып жазып, табиғатқа зиянын тигізген адамды тауып, жазалауды сұрады. Бейнематериалдан ер адамның балға мен үшкір зат арқылы ақ борлы тауға қашап жазып тұрғанын анық көруге болады. Желі қолданушылар оның руын, «Ақкете» деп жазып жатқанын айтады. Әрі оның көлігінің нөмірі де жазулы тұр.

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хабарлауынша, бейнематериалда көрсетілген адам бюджеттік мекеме басшысы.

«Қазіргі таңда еңбек демалысында. Жұмысқа шыққан соң түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады»,- деп жазды Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті болса борлы тауға қашап жазған ақтөбеліктің кім екенін анықтап, әкімшілік хаттама толтырмақ. Ал Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова видеодағы адамның әнші, мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев екенін растады.

«Ол қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты зағиптар мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев. Өзге ақпаратты қалалық мәдениет бөлімінен сұраңыз»,- деді Алтынай Юнисова.

Айта кетейік, ағайынды Көшербаевтар ақтөбеліктерге жақсы таныс. Олардың продюсерлік орталығы бар. Екеуі де ән айтады. Директорлық қызметке былтыр күзде тағайындалған. ҚазАқпарат тілшісі мәдениет үйінің директорына қоңырау шалғанымен, байланысу мүмкін болмады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6601 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Режиссер «5:32» Алишер Утев о том, как коррупция убивает казахстанское кино

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить