АШМ: Қазақстандық фермерлерге 110 млрд теңге субсидия төленді

Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері gosagro.kz порталы арқылы субсидиялауға 131 227 өтінім берді. 29 811 өтінімді қараудан бас тартылды. 127,8 млрд теңгеге 51 699 өтінім мақұлданып, «күту парағына» орналастырылды. Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеп, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармалары қазынашылық жүйесі арқылы төлейді. Бүгінгі таңда фермерлерге шамамен 110 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша 47 млрд теңгеге өтінім мақұлданды, бүгінде оның 41,4 млрд теңгесі төленді.

Жалпы, былтырғы жылғы қарыздарды ескере отырып, СБМАЖ жүйесі арқылы 184,4 млрд теңге төленді.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 256,3 млрд теңгеге 12 490 өтінім берілді. Ауыл шаруашылығы басқармаларымен мақұлданып, 64,7 млрд теңге сомасын құрайтын 3 014 өтінім резервке жіберілді.

Ауыл шаруашылығы басқармаларының бірыңғай резервіне 103,5 млрд теңгеге 4 936 өтінім мөлшерінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша ұсыныстар енгізілді. Ережеге сәйкес бұл ұсыныстарға қол қаражаттың түсуіне қарай шарт жасалған соң қойылатын болады. Келісілу мен қол қою сатысында резервтен 2 317 шарт бар. 1 355 шартқа қол қойылды.

Бүгінгі таңда СБМАЖ-ға 55 389 пайдаланушы тіркелген.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6636 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить