Смайылов полицияны цифрландыру жұмысымен танысты

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігінде болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ол қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану, жалпы полиция жұмысын цифрландыру барысымен, жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Ведомство басшысы Марат Ахметжановтың баяндауынша, Ішкі істер министрлігі республикадағы қалалардың көшелері мен қоғамдық орындарында «толық қамту» принципімен бейнебақылау енгізуде.

Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамералар арқылы 6 мың қылмыс ашылды, 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген.

«Цифрландыру арқылы тиісті мемлекеттік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға болатынына талай рет көзіміз жетті. Нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, жемқорлық фактілері азаюда. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы Ішкі істер министрлігі де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Енді мұны аймақтарда одан әрі кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.

Атап айтқанда, оқу орындарында орнатылған бейнекамералардағы жазбалар мен дабыл түймешелерінің сигналдарын жедел басқару орталықтарына және полицияның кезекші бөлімшелеріне шығару барысы көрсетілді.

Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камерасы 7 600 мектепте орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы «Цифрлық полицей» жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады.

Сондай-ақ премьер-министрге полицияға жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектесетін «Қорғау» жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндалды.

Әлихан Смайылов тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту шараларын жүзеге асыру барысымен, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарының нәтижесімен және CyberPol интернет-алаяқтықпен күрес жөніндегі жобамен танысты.

Сонымен қатар кадрлық процестерді автоматтандыру қорытындысы, жедел қызмет, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1772 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

MMA в Казахстане: как заработать на боях?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить