Қазақстан Республикасы Конституциясының күні қарсаңында Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысырдың Жоғарғы Конституциялық Сотының төрағасы Булос Фахми Искандер және оның бірінші орынбасары Рәжәб Әбдел Хакиммен ресми кездесу өткізді. Қазақстандық дипломат еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстанның жетістіктерінің берік кепілі болғанын атап өтті.
Мысыр тарапы Қазақстанды мемлекеттік мерекесімен құттықтай отырып, 2023 жылғы 7-8 қыркүйекте Астанада өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75-жылдығына орайластырылған «Конституциялық сот төрелігі: баршаға қадір-қасиет, бостандық және әділеттілік» атты халықаралық конференцияға қатысатындығын мәлімдеді.
Конференция жұмысына халықаралық және сараптамалық ұйымдардың, шет елдердің конституциялық бақылау органдарының өкілдері қатысады деп күтілуде. Осы іс-шара конституциялық бақылау органдары, сараптамалық және академиялық қауымдастықтар арасында тәжірибе алмасу алаңы болады.
Мысыр тарапына Қазақстан Республикасының Конституциялық соты өз жұмысын 2023 жылғы 1 қаңтардан қайта бастағанын және елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың нәтижесі болғанын назарға ала отырып, конференция шеңберінде оның бірінші жартыжылдық қорытындылары ұсынылатыны атап өтілді.
Вам может быть интересно: «Девять тел погибших обнаружены на востоке Бразилии»
