Елордалық 200-ден астам педагог шетелде тәжірибеден өтті

Педагогтердің шығармашылық әлеуетін, олардың кәсіби деңгейі мен құзыретін дамыту үшін жоғары оқу орындарында педагогикалық кадрларды даярлау ғана емес, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген кадрлардың кәсіби өсуі де маңызды. Бұл туралы Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Каирбаева мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша жаңа оқу жылында елордалық педагогтар үшін әдістемелік көмек көрсету бойынша дәстүрлі жұмыс түрлерімен қатар алғаш рет әдістемелік орталық педагогтерді аттестаттау кезінде ескерілетін «Кері байланысты тиімді ұсыну», «Педагогтерді аттестаттауға дайындау ерекшеліктері», «Мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру», «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда білім беру ұйымдары кітапханасының рөлі» тақырыптары бойынша курстар ұйымдастырады.

Сондай-ақ, барлық деңгейдегі педагогтердің біліктілігін арттыру жөніндегі деректерді жүйелеу мақсатында алғаш рет білім беру ұйымдары, оқу пәндері, курстардан өту мерзімдері мен тақырыптары бөлінісінде біліктілікті арттыру курстарынан өту бойынша дербес және жиынтық ақпаратты толық жинайтын, сондай-ақ біліктілікті арттыру қажеттілігін айқындайтын цифрлық платформа әзірленді.

«Осы жылдың тағы бір жаңалығы – биыл қараша айына жоспарланған директор орынбасаралары қатарынан 30 орынбасарды MBА бағдарламасы бойынша кадрлық резервті оқыту. Жыл бойы тәжірибе алмасу мақсатында педагогтерді оқыту және біліктілігін арттыру бойынша халықаралық және отандық тағылымдамалар практикаға белсенді енгізілді. 200-ден астам педагог Сингапур, Жапония, Грузия, Финляндия елдерінің халықаралық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті және маңызды бағыттары бойынша халықаралық практиканың өзекті, тиімді және қолайлы компонентін оқу процесіне интеграциялау үшін тағылымдамадан өтті. Бұл тәжірибе жаңа оқу жылында да жалғасатын болады.

Бұдан басқа, «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары мен педагог-шеберлер қатысатын «Шеберден тәлім» жобасын іске асыру, сондай-ақ «Құндылыққа негізделген білім беру» жобасындағы ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие процесіне интеграциялау жалғастырылатын болады. Бұл жобаны елорданың 20 мектебі жүзеге асырып жатыр», - дейді ведомство өкілі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4299 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Как Дамир Аманжолов боролся с мародерами и помогал раненым во время беспорядков в Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить