ҚР ҰЭМ 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды

 Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров елдің 2024–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және «Ұлттық қордан 2024–2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңының жобасын таныстырды.

Болжам халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі бойынша күтулерін, сыртқы нарықтардағы конъюнктураны ескере отырып қалыптастырылды.

Базалық сценарий:

Мұнайдың орташа бағасы– 80 $/баррель

5 жыл ішінде ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) орташа жылдық өсуі – 5,8%

Инфляция:

2024 ж. – 6-8%

2025 ж. – 5,5-7,5%

2026-2028 жж. – 5%

2024 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,3%-ті құрайды, кейін 2028 жылы 6%-ке дейін өседі

Номиналды ЖІӨ 2024 жылғы 135 трлн. теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн. теңгеге дейін өседі.

Экономиканың барлық базалық салаларында өсу күтілуде.

Өнеркәсіп – 4%

Ауыл шаруашылығы – 4,5%

Құрылыс – 8,8%

Сауда – 7,4%

«Экспорт көлемі 2024 жылы $83,1 млрд-тан 2028 жылы $94,8 млрд-қа дейін ұлғаяды, импорт $60,7 млрд-тан $65,6 млрд-қа дейін өседі», - деп хабарлады министр.

Республикалық бюджеттің кірістері:

024 ж. – 16,1 трлн. теңге (ЖІӨ-нің 11,9%-ы)

2026 ж. – 18,4 трлн. теңге (ЖІӨ-нің 10,7%-ы)

2024 жылы ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін Ұлттық қордан 1,6 трлн. теңге көлемінде нысаналы трансферт тарту жоспарлануда.

Бюджет тапшылығы:

2024 ж. – ЖІӨ-нің 2,6%-ы

2025 ж. – ЖІӨ-нің 2,4%-ы

2026 ж. – ЖІӨ-нің 2,3%-ы

Республикалық бюджет шығыстары:

2024 ж. – 24 трлн. теңге

2026 ж. – 25,2 трлн. теңге

Ұлттық қордан 2024–2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт:

Мұнайдың кесімді бағасы 2024 жылы барреліне $43,4, 2025-2026 жылдары барреліне $40,2 – $41,8 деңгейінде белгіленген.

«Мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қалпына келтіру үшін 2024-2026 жылдары республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері жыл сайын 2 трлн. теңге соммасында айқындалды», - деді ҰЭМ басшысы.

Ұлттық қорға түсетін түсімдердің жалпы көлемі:

2024 ж. – 7,5 трлн. теңге

2025 ж. – 8,3 трлн. теңге

2026 ж. – 8,3 трлн. теңге

Ұлттық қордың таза қаражаты:

2024 ж. – 3,9 трлн. теңге

2026 ж. – 6,3 трлн. теңге

«Трансферттерді жоспарлы пайдалануды, сондай-ақ қорды басқаруға байланысты шығыстарды ескере отырып, Ұлттық қордың валюталық активтері 2024 жылы $68 млрд., 2026 жылы $93,3 млрд. көлемінде болжанады», - деп қорытындылады ведомство басшысы.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3945 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Как в Темиртау пустили Миттала, а не Абилова

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить