Астана әкімі үлескерлермен кездесті

Астана қаласының әкімі Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысандардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды тұрақты түрде аралап тұрамын. «Мирный дом», «Алтын бұлақ», «Зере 2» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездестім. Мұндай проблемалы нысандарда бәрін жан-жақты бақылау өте маңызды.

Осыған дейін айтқанымдай, құрылысы ұзаққа созылған нысандардың жағдайы әртүрлі. Мәселен «Мирный дом» тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалы деп танылған, нысанды тапсыру кезінде құрылысы тіпті басталмаған еді.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандар бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр: құрылыс қарқынын арттыру бойынша да, инженерлік желілер бойынша да, сол сияқты құжаттарын ретке келтіру және т.б. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Онда шамамен 4 мың үлескер отбасы бар. Бұл үйлердің бір бөлігі аяқталды.

Ұзақ құрылыстарды аяқтау мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Құрылысы ұзаққа созылатын жаңа нысандардың және проблемалы үлестік құрылыстардың пайда болуына жол бермеу өте маңызды.

Құрылыс компаниялары үлескерлердің қаражатын белгілі бір қатаң жағдайларда ғана қабылдай алады: тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу, екінші деңгейлі банктің жобасына қатысу, тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін ғана үлескерлердің ақшасын қабылдау.

Қала тұрғындарын ақпараттандыру және заңның бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктің ресми ресурстарында және БАҚ-та үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ жосықсыз құрылыс салушылардың тізімі жүйелі түрде жарияланып тұрады», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3270 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Dream Team House переезжает в Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить