Қазақстанда белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион өтті

2023 жылғы 31 Тамызда қуаты 20 МВт гидроэлектростанциялар (ГЭС) жобаларын іріктеу бойынша ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің солтүстік және оңтүстік аймақтары үшін жаңартылатын энергия көздері бойынша онлайн аукцион өткізілді.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 15 компания жіберілді. ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 41,23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 41,23-тен 17,5 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып «Dala Solar» ЖШС 5 жобаның жалпы белгіленген қуаты - 10 МВт, «Бекзат» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4,8 МВт, сондай-ақ «FTR-Green LTD» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт анықталды.

Аукцион бағасының төмендеуі 57,6% құрады, бұл жақсы нәтиже. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде USAID агенттігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы ЗТБ, сондай-ақ Азия даму банкінің өкілдері қатысты.

Байқаушылар бекітілген Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес аукциондық сауда-саттықтардың өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4119 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3797
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Как казахи ставят юрты в Украине

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить