1 қыркүйекте әскерге күзгі шақыру науқаны басталды

Президент Жарлығына сәйкес 1 қыркүйектен бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлайды.

Шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жергілікті атқарушы органдардың шақыру пунктерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істейді.

Күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады деп күтіледі. Олардың арасында Қарулы күштер қатарына – 8 мыңнан астам, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 сарбаз.

Айтылып өткендей, Қорғаныс министрлігі 70-тен астам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерімен әскери борышын өткерген жастар үшін қосымша жеңілдіктер беру туралы келісімге қол қойған. Бұл ретте 180-нен аса қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алатын болды, тағы 400-ден астамы ақылы бөлімге түскен.

Сондай-ақ министрліктен ескертіп өткендей, қазіргі уақытта әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады. Сол сияқты шақыру учаскелеріне әскерге шақырылушыларды тіркеу туралы куәліктер беру және борышын өтемеген азаматтарға әскери билеттер беру процесі таяу уақытта жойылатын болады.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4781 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить