Швейцария және Литва жаңа елшілері сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко елімізге жаңадан тағайындалған Швейцария Конфедерациясының елшісі Салман Балдың және Литва Республикасының елшісі Эгидиюс Навикастың сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Р. Василенко дипломаттарды қызметке тағайындалуымен құттықтап, олардың алдағы жұмысы Қазақстанның Швейцариямен және Литвамен қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Швейцария елшісімен кездесуінде екі ел арасындағы жоғары және өте жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстардың оң динамикасы атап өтілді. Екіжақты сауданың және швейцариялық инвестициялардың Қазақстанға айтарлықтай көлемін ескере отырып, өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі тереңдету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Литва елшісімен сұхбат барысында тараптар екі ел арасында достық қарым-қатынастар мен сындарлы саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті. Тараптар көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың дамуына, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Балтық өңірінің мемлекеттерімен қарым-қатынастарына айрықша көңіл бөлді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3745 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Жаксылык Сабитов: Почему Кунаев стал ролевой моделью для Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить