ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қытаймен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының түрлі салалардағы толық ауқымды өзекті мәселелерін талқылап, оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Сұхбат барысында ағымдағы жылы жоспарланған жоғарғы және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына басты назар аударылды.

Ә.Бақаев сауда-экономикалық байланыстарды арттыру бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы транзиттік-көліктік ынтымақтастықты дамытудың және Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын арттырудың маңызды рөлін атап өтілді.

Өз кезегінде, Қытай елшісі көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Ол Қытайдың Қазақстандағы елшілігі ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында тығыз әрекеттесуді жалғастыратынын хабарлады.

Кездесудің соңында сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3692 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3785
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить