Астанада өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды

Астанада өңірлердің тауар өндірушілерінің қатысуымен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды. Олар 29 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада алғаш болып Түркістан облысының аграршылары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге өз тауарларымен 70-ке жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді, олар 556 тонна өнім әкелді.

Айта кетерлігі, жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, көкөністер, жемістер, сүт өнімдері (оның ішінде қымыз және шұбат), бақша, бал, жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, балық, жұмыртқа және нан-тоқаш өнімдері сатылады.

Барлық өнімдер нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.

Биыл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу орны өзгерді. Былтыр ол «Астана-Арена» (Тұран даңғылы, 48) алдындағы автотұрақта өткізілсе, биыл жәрмеңкені өткізу орны Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайындағы ҚазҰӨУ (Шабыт) алдындағы алаңға көшірілді.

Естеріңізге сала кетейін, елордада демалыс күндері қалалық жәрмеңкелер де өткізіледі. Өткізілетін күндер: сенбі-жексенбі. Оларға азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілер және жақын маңдағы аудандардан шаруа қожалықтары қатысады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5450 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3782
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2438
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3191
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Диагноз казахстанской экономике

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить