Қазақстанда шетелден сәлемдеме жеткізу үшін кеден алымы жойылды

«Атамекен» ҰКП мамандары төмен құнды (200 еуроға дейін) тауарларды ресімдегені үшін кедендік алымның нөлдік мөлшерлемесін белгілеуге қол жеткізді. Үкіметтің тиісті қаулысы тамызда қабылданды.

Еске салсақ, жыл басынан бері көлік прокуратурасының нұсқамасы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарларға декларация ретінде оңайлатылған тәртіппен берілетін әрбір тізбе мен өтініш үшін, яғни, бұрын ешқашан төленбеген нәрсе үшін 20 мың теңгеден кедендік алым төлеуге мәжбүр болды.

Осы жайт курьерлік компаниялардың төмен құнды жүгі бойынша барлық экспорттық-импорттық операцияларын тоқтатты және отандық интернет-дүкендердің жұмысына теріс әсер етті.

«Егер кедендік алымды бір декларация деңгейінде емес жеке жөнелтпе құжат саны бойынша төлейтін болса, онда алым мөлшері өседі. Мысалы, егер экспресс жеткізілімнің бір партиясында 500 жөнелтпе құжат болса, онда кеден алымы 20 мың теңге орнына 10 млн теңгені құрайтын болады. Бұл халықаралық стандарттарға қайшы. Сондықтан мәселені шешу үшін біз бірден бірнеше мемлекеттік органмен жиналыс өткіздік. Кездесуде мемлекеттік органдардың әрекеті заңсыз екенін дәлелдеп, Үкімет қаулысына өзгерістер енгізуді ұсындық. Ұсынысымыздың ескерілгеніне қуаныштымыз. Енді курьерлік компаниялар мен интернет дүкендер алаңсыз жұмыс істей алады», – деді «Атамекен» ҰКП кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры Дина Мамашева.

«DHL Express Қазақстан» бас директоры Евгений Багдашкинның айтуынша, курьерлік компания сәлемдемелерді шетелден жеткізу, соның ішінде интернет-дүкендер сияқты маңызды сегментте жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.

«Кедендік талаптардың ашықтығы мен болжамдылығы экспресс-бизнес үшін аса маңызды. Өйткені бұл бизнес белгілі бір уақыт ішінде тұтынушыларға тауарларды жеткізуі керек. Біз Ұлттық палатаның көмегімен кедендік декларациялардың оңайлатылған формаларын ресімдеуде алымдарды төлеу туралы талап түріндегі кедергіні еңсере алғанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті спикер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5234 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3789
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2443
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3198
Forbes Video

Казахи в Украине: бизнес в условиях войны

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить