«Тоқта, вандал!»: Астана полициясы қала тұрғындарына үндеу жасады

Вандализм, ғимараттар мен мүлікті бүлдіру – қоғамдағы проблемалардың бірі. Себебі мұндай әрекеттер қаланың көркеюіне кері әсерін тигізеді. Елордада полиция қызметкерлері аталмыш фактілерге жиі куә болып жатады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, 16 тамыз күні түнгі уақытта Астана тұрғыны ғимараттардың бірінен шығып келе жатып, құны жарты миллион теңгеден асатын есікті сындырған. Ер адамның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Оның тапсырмасы бойынша биыл вандализм актілері, қоғамдық және жеке мүліктің бүлінуі үшін жауапкершілік күшейтілді.

«Вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретін болды. Біздің негізгі мақсатымыз – заңды қатаң сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін елорда көшелеріне күн сайын 2 500-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кезекшілікке шығады. Қоғам белсенділері еріктілермен бірлесіп, тұрақты негізде «Тоқта, вандал!» акциясын өткізеді.

«Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны, адамды қорлағаны, ғимараттар мен өзге де нысандарды бүлдіргені және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік, яғни 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

«Құрметті азаматтар!
Сіздерді қоғамдық тәртіпті сақтауға және қала мүлкіне ұқыпты болуға шақырамыз.
Кез келген құқық бұзушылық анықталып, соңы жауапкершілікке әкелетінін ұмытпаңыздар! Ішкі тәртіп, заңға және басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау – бұл қоғам ұмтылуға тиіс нормалар», – деді Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің инспекторы Ернат Қоңырбай.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4030 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3786
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2440
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3193
9 декабря родились
генеральный секретарь Организации Договора о коллективной безопасности
Forbes Video

Маргулан Сейсембай: о Казахстане в эпоху Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить