Елордада өткен марафонға әлемнің 11 елінен екі мыңға жуық желаяқ қатысты

3 қыркүйекте Астана қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Astana Marathon 2023 аяқталды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және Австралия, Ұлыбритания, Германия, Польша, Португалия, Ресей, Испания, АҚШ, Нидерланд, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінен екі мыңға жуық қатысушы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

42.2 шақырымында ер адамдар үлесі - 90,91% және әйелдер — 9,01%, және 10 км ерлер мен әйелдер қатынасы 69% және тиісінше 32% құрады.

Қатысушылардың жасы 16 және 76 жас аралығында.

Жарысқа елімізге танымал әртістер, мемлекеттік органдардың басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері, спортшылар мен жүгіру клубтарының мүшелері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша маршруттың өзгеруіне байланысты қиындықтарға қарамастан команда барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырды.

«Біздің жігіттер қысқа уақытта балама бағыттарды таба алды. Осы орайда, еріктілерге де алғысымды білдіргім келеді. Жастығына қарамастан, бәрі тәжірибелі болып шықты. Қатысушылардың жағдайын жасап, барлығын жедел түрде ұйымдастырды», -деді Astana Marathon жетекшісі Гаухар Брамлей-Фентон.

Марафонның 18 жастан асқан қатысушыларына 42,2 шақырым, 16 жастан жоғары желаяқтарға 10 шақырым ұсынылды.

Марафон қатысушылары мен қонақтары көңіл көтеретін бағдарлама мен фитнес жаттықтырушылардың ұйымдастырған дене қыздыратын жаттығуына қатысты.

Әрбір 5 шақырымда қатысушыларға су ұсынылды.

42.2 шақырымға жүгірген марафоншыларға изотоникалық сусындар берілді.

2018 жылы Astana Marathon Халықаралық марафондар мен жүгірулер қауымдастығына (AIMS) кірді, сондай-ақ Орталық Азиядағы ең «жылдам» марафонға айналды, 2019 жылы Astana Marathon World Athletics Bronze Labelді жеңіп алды, ол әлемдік атлетика ұйымы мойындаған Орталық Азиядағы алғашқы Label марафоны болды.

2020 жылдан бастап Astana Marathon Abbott World Marathon majors Wanda Age Group біліктілігі жоғары марафондардың тобына кірді.

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Events командасы спорттық жарысты ұйымдастырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4060 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

Раимбек Баталов – о молоке, кредитах и прозрачности

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить