Астанада қосалқы электр станциялары жаңғыртылып, қайта салынады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қосалқы электр станциялары туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қаладағы жайлы өмір инженерлік желілердің жұмысымен тікелей байланысты. Қаланың кеңейіп, тұрғындар санының өсуін ескерер болсақ, коммуникацияларға түсетін күш артып келеді. Барлық желі бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз.

«Астана – АЭК» АҚ-ға арнайы барып, қаламызды электрмен жабдықтаудың қазіргі және перспективалы схемасы мәселелерін энергетиктермен бірлесе талқыладық.

2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық аясында 110 кВ әуе желілеріне, 10 кВ әуе желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, сол сияқты кернеуі 20-10 кВ тарату трансформаторлық қосалқы станцияларын күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын.

Бұдан бөлек, «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы жаңа нысандарды электрмен жабдықтауға қосу үшін 40 МВА трансформаторларын 80 МВА-ға ауыстырып, «Жұлдыз» 110/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру жұмысын жүргіземіз.

Теміржолшылар елді мекенінің тұтынушыларын қаланың электр желісіне қайта қосу үшін жаңа «Қазбек» 110 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталды.

Сол сияқты кездесуде өзге де түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1882 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить