Өрт-құтқару спорты бойынша халықаралық чемпионатта Қазақстан әйелдер құрамасы жүлделі орынға ие болды

Қазақстанның әйелдер ұлттық құрама командасы 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру бойынша қола жүлдегерлер атанды.

2023 жылғы 3 қыркүйекте Түркия Республикасының Стамбул қаласында Бурхан Фелек орталық стадионында 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру түріндегі ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионаты мен әйелдер арасындағы IX әлем чемпионатының екінші күні өтті.

Сағат 10.00-де әйелдер арасында жарыс басталды. 9 әйелдер құрама командасы арасында ҚР әйелдер ұлттық құрамасы жүлделі III орынға ие болды.

Алдын ала жүгіру кезінде Юлия Сыромяжко осы жарыс бойынша 16,47 секунд уақыт көрсетіп ұлттық рекордты жаңартты (бұрынғы рекорд 16,58 секунд). Кейін бұл рекордты Тұрсын Айдана 16,41 секунд нәтижесімен жеңіп, ұлттық құрама арасындағы ең үздік көрсеткішті көрсетті.

Әрі қарай әйелдер арасында жартылай финалдық және финалдық жарыстар өтті. Ресей Федерациясының өкілі Катасева Мария әлем чемпионы болды.

Сағат 13.30-да ерлер арасында жарыс басталды. Осы жарыс бойынша 14 ерлер құрама командасының ішінде Қазақстан Республикасының ерлер ұлттық құрама командасы табанды күресте 4 орынға ие болды. Үздік нәтижелерді Дәурен Құсманов - 16,05 секунд, Мақсат Романов - 16,12 секунд және Еркін Әбдібек - 16,17 секунд көрсетті.

Алдын ала жарыстар аяқталғаннан кейін ерлер арасында жартылай финалдық және финалдық жарыстар басталды. Беларусь Республикасының өкілі Наумов Илья чемпион атағын алды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3495 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3787
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2441
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3195
10 декабря родились
директор Astana International Exchange
Forbes Video

Китайские машины, утильсбор, льготные автокредиты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить