Қазақстан Қытайға экспортты арттыруға дайын — Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Қытайдың Шаньдун провинциясы партия комитетінің хатшысы Лин У сауда-экономика және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы тауар айналымы көлемінің 6% астамы Шаньдунға тиесілі екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан өз өнімдерін Қытай нарығына одан әрі ілгерілетуге және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын қарастыруға мүдделі. Осыны ескере отырып, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде көлік әлеуетін дамыту және өзара іс-қимылды тереңдету ерекше өзекті.

Бір күн бұрын Алматыда Қазақстан арпасын ҚХР-ға жеткізу үшін «Қытай–Еуропа» бағыты бойынша алғашқы кері бағыттағы пойыздың іске қосылуы осыған ықпал ететін болады. Біз осы бағыт арқылы Қазақстан өнімдерін жеткізуді арттыруға және жеткізілетін тауарлар мен қызмет түрлерін кеңейтуге дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Премьер-министр Астанада Шаньдун провинциясымен ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл іс-шара біздің іскер топтарымыз арасындағы өнімді сауда-инвестициялық өзара қарым-қатынастарды кеңейтуге мүмкіндік беретіні сөзсіз
, — деді ол.

Өз кезегінде Лин У Шаньдун провинциясы мен Қазақстан өңірлері арасында өнімді ынтымақтастық орнағанын атап өтті. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сауда және логистикалық инфрақұрылым құрылысы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту бойынша үлкен әлеует бар.

Бұл жолы бізбен бірге Шаньдун провинциясынан аталған салалардағы 100-ден астам кәсіпорынның өкілдері келді. Біз бірқатар бірлескен сауда-экономикалық жобаларға қол қоямыз деп отырмыз. Ортақ күш-жігердің арқасында болашақтағы ынтымақтастығымыз кеңейетініне сенімдіміз. Біз кәсіпорындарымыз арасындағы серіктестікті тереңдетіп, бірлескен жобаларды көбірек жүзеге асыруға дайынбыз, — деді Лин У.

Шаньдун провинциясы Қытайдың шығыс жағалауында орналасқан ауылшаруашылық өндірісі бойынша маңызды аймақ. Мұнда бидай, мақта, жержаңғақ, темекі, дәнді дақылдар және т.б. өсіріледі. Шаньдун – елдің негізгі бау-бақша және егістік аймақтарының бірі, су өнімдері мен тұт піллесін өсірудің жетекші орталықтары.

2022 жылғы желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР-дың ірі порт операторы «Шаньдун порт тобы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде мультимодальды контейнерлік қызметтер мен ілеспе цифрлық өнімдерді дамыту жөнінде уағдаласты.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3353 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Досым Сатпаев: Парламент как парк НУРского периода

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить