Ұлттық ғылыми онкология орталығының басшысы тағайындалды

Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Санжар Болатұлы Шәлекенов Астана қаласының «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС (ҰҒОО) Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Шәлекенов Санжар Болатұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, PhD-Doctor der Medizin (Германия), Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің урология және андрология кафедрасының доценті (ҚазМҮБУ), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ урология кафедрасының доценті.

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, «Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты» РМҚК, «Хирургия» мамандығы бойынша интернатураны, клиникалық ординатураны бітірген.

Біліктілігі – «Уролог-онколог». «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «ҚДЖМ» Қазақстандық медицина университетінде магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының №12 орталық қалалық клиникалық ауруханасында уроандрология бөлімшесінде бастаған. Содан кейін Алматы қалалық дәрігерлерді жетілдіру институтында урология кафедрасында клиникалық ординатор болып жұмыс істеді.

2009 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Дәрігерлерді жетілдіру институтында урология кафедрасының медицина ғылымдарының кандидатының ассистенті, одан кейін Астана қаласының «Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ урология бөлімшесінің дәрігері болып жұмыс істеді.

2010 жылдың тамызы мен 2011 жыл аралығында Астана қаласының №2 қалалық клиникалық ауруханасында урология бөлімшесінің эндоскопист дәрігері, кейін «Астана қаласының ПІБ ауруханасы» РМК консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің дәрігері болды. «Алматы қаласының қалалық жедел жәрдем ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің урология және андрология кафедрасының доценті, 2019-2021 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ урология кафедрасының доценті, 2021 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС-да ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі Басқарушы директор лауазымын атқара отырып, Нұр-Сұлтан қаласының «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарады.

2023 жылдың наурыз-тамыз айы аралығында Астана қаласының «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2409 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

Dream Team House переезжает в Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить