Standard&Poor's Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлар - ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы теңгерімдері. Бұл ретте таза мемлекеттік қарыз төмен деңгейде, ал елдің өтімді сыртқы активтері сыртқы күйзелістерден қорғауды қамтамасыз етеді.

S&P өз есебінде елдің фискалдық және сыртқы баланстары тәуекелдерді басқару үшін жеткілікті екендігін атап көрсеткен.

Агенттік сарапшыларының пікірінше, шоғырландырылған бюджет тапшылығы 2023-2026 жылдар кезеңінде орта есеппен ЖІӨ-ден (жалпы ішкі өнім) 1,6%-ға дейін қысқарады. Мемлекеттік кірістердің өсуіне салық саясаты мен әкімшілендіруді реформалау жөніндегі шаралар ықпал ететін болады.

Сондай-ақ сарапшылар ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан тиімді макроэкономикалық саясатты атап өтті. Нақтылай айтқанда, Үкіметтің макроэкономикалық саясаты инвестициялық бағдарламалар арқылы экономиканы әртараптандыруға, мемлекеттің қатысуын қысқартуға, бәсекелестікті дамытуға, салық саясатын жетілдіруге бағытталған.

Жалпы, S&P Қазақстан экономикасының 2023-2026 жылдары 4% деңгейінде өсуін болжайды.

ҚР Үкіметі инвестициялық сенімділік деңгейінде дербес рейтингті сақтау бойынша қарқынды жұмысты жалғастырады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2185 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

Жумабек Жаныкулов: деловые связи, месторождения, заводы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить