Азаматтық тәркілеу: Заңсыз активтерді қайтаруда әлемдегі озық амалдардың бірі қолданылмақ

Бас прокуратурада заңсыз сатып алынған активтерді азаматтық тәркілеу мәселелері бойынша семинар өткізілді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бас прокуратурада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі (ACN) жобасы шеңберінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қылмыстық кірістерді жылыстату және азаматтық тәркілеу мәселелері бойынша семинар өткен.

Оған АҚШ, Украина, Армения, Румыния, Литва және Қазақстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен сарапшылары қатысты.

Азаматтық тәркілеу – мемлекетке қылмыстық іс қозғаусыз заңсыз сатып алынған мүлікті мәжбүрлеп қайтаруға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдардың бірі.
Ол тұлға активтердің шығу заңдылығын растамаған жағдайда қолданылады (мысалы, егер активтің құны олардың иелерінің кірістерінен асып кетсе).

Іс-шараның мақсаты – санкциялар мен тәркілеу шараларын қолдану бойынша әлемдік озық тәжірибелермен алмасу және талқылау.

Тренинг барысында Қазақстанның осы саладағы заңнамасын жетілдірудің практикалық және құқықтық аспектілері қаралды.

Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бүгінде Бас прокуратура жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2034 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

Пойдёт ли Мухтар Джакишев в политику?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить