Астана қаласында Ұлттық экономика министрі Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Жиынға Қазақстан бойынша ЕҚДБ басшысы Хусейн Озхан және ЕҚДБ Климаттық стратегия және өңірлік іске асыру департаментінің директоры Дмитрий Гвиндадзе, сондай-ақ Министрлік пен Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ҚР-дың 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясын іске асыру мәселелесі және экономиканы декорбанизациялау жөніндегі алдағы қадамдар талқыланды.
Ә.Қуантыров атап өткендей, Стратегияны іске асыру кезінде жаңа тарифтік саясатты, климаттық жағдайларды, жаңа технологияларды тартуды ескеру керек. Сонымен қатар, көмір ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру қажет.
Бұдан бөлек, Қазақстанның ерекшелігін ескере отырып, бірегей энергетикалық ауысу моделін әзірлеу қажеттілігі атап өтілді.
Еуропа қайта құру және даму банкінің өкілдері Қазақстанның төмен көміртекті даму шеңберінде қабылдаған шараларының маңыздылығын атап өтті. ЕҚДБ осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша жұмысты жандандыруға келісті.
Вам может быть интересно: «ООН: системный расизм продолжает негативно влиять на жизнь людей африканского происхождения»
