ҚР Вена қ. халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Вена қ. бөлімшесінің Бас директоры және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Атқарушы директоры Ғада Уәлиге сенім грамоталарын тапсырды.
Кездесу барысында БҰҰ Вена қ. бөлімшесінің Бас директоры Қазақстан мен БҰҰ ЕҚБ арасындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап көрсете отырып, Басқарма қызметін тұрақты қолдағаны үшін мемлекетімізге алғысын білдірді. Ғ.Уәли Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (CARICC) қызметін нығайту жөніндегі еліміздің көшбасшылығы мен күш-жігерін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде, қазақстандық дипломатиялық миссия басшысы М.Тілеуберді есірткінің заңсыз айналымынан ақшаны жылыстатуға қарсы күрес, терроризм, киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл және полиция қызметін реформалау бойынша БҰҰ ЕҚБ-мен өзара тиімді ынтымақтастықты баса айтты. Тұрақты өкіл Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және еліміздегі ағымдағы демократиялық реформалар туралы егжей-тегжейлі хабарлады.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасау жоспарларын белгіледі.
Вам может быть интересно: «Постоянный представитель Казахстана вручил верительные грамоты главе Венского отделения ООН»
