Тәрбиешілердің жалақысы осы айда 30%-ға арттырылады

 Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға өседі. Елімізде қазір 97 мың тәрбиеші бар, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Жалақыны жыл сайын арттыру 2020 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20 390 педагог кәсіби біліктіліктерін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзырет орталықтары» жұмыс істейді. Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, үздік жұмыстарымен бөліседі.

Сонымен қатар, Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері 29 620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың, ал 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3691 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Смертность от инсульта снижает казахстанский стартап

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить