Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күреске арналған Кешенді жоспарды іске асыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған министрлік және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Жиында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан, Кешенді жоспар шеңберінде атқарылатын жұмыстар жайлы баяндады.
«Мемлекет басшысы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі есірткі қылмысы және оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізуді күшейтуді тапсырған болатын. Осыған орай елімізде 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі аталған кешенді жоспарды жүзеге асырушы мемлекеттік органдардын бірі екенін атап өткен жөн. Министрлік жоспардағы 6 шараның коса орындаушылары болса, 3 тармақтың негізгі орындаушысы», - деп жеткізді Жолдас Батырхан.
Мәселен, 5-9 сынып оқушылары үшін «Жаһандық құзіреттер» вариативтік курсының «Тіршілік қауіпсіздігі» модуліне психоактивті заттарды қолданудың алдын алу тақырыбын енгізу міндеті жүктелген болатын. Модуль еліміз бойынша 1,6 млн астам оқушыны қамтымақ. Аталған тақырыптарды енгізу келісу сатысында екенін атап өткен жөн.
Бұдан бөлек, Кешенді жоспар аясында «Кәмелетке толмағандардың аддиктивті мінез-құлқының алдын алу шаралары» тақырыбында білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларын, сынып жетекшілерін, педагог-психологтарды курстар арқылы біліктілігін арттыру міндеті жүктелген. Қазіргі таңда 4 академиялық сағаттық семинар бағдарламасы бекітілді.
Вам может быть интересно: «США выделяют Украине новый пакет помощи на $175 млн»
