Қазақстанның Тұрақты өкілі БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (ЮНВТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы Данат Мұсаев ЮНВТО Бас хатшысы Зураб Пололикашвилиға сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат ЮНВТО-ның Бас хатшысын Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында ҚР Туризм және спорт министрлігінің құрылуы туралы хабардар етті. Осыған байланысты, Д. Мұсаев Қазақстанның туристік саласының өсіп келе жатқан рөлі мен зор келешегін атап өтті.

Келіссөздер барысында сұхбаттасушылар Қазақстан мен ЮНВТО арасындағы өзара іс-әрекеттердің жандандырудың өзекті мәселелерін қарастырды. Атап айтқанда, тараптар туристік гидтерді дайындау мақсатында ҚР-дың жоғары оқу орындарының бірінде ЮНВТО туризм академиясын құру мүмкіндігін, сондай-ақ ЮНВТО кеңсесін ашу және халықаралық ұйымның басымдықтары шеңберінде басқа да маңызды жобаларды іске асыруды талқылады.

Өз кезегінде З. Пололикашвили ҚР Тұрақты өкілін жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстанның бастамаларын қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Бас хатшы Қазақстан ЮНВТО-ның және жалпы туристік саланың дамуына маңызды үлес қосуды жалғастыратынына сенім білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3529 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
Forbes Video

Еркин Татишев : «Около 30% бизнеса в Казахстане не переживет коронакризис»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить