Қытайлық компания Қазақстанның мұнай-газ саласында жаңа жобаларға қатыспақ

 Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Sinopec компаниясының президенті Юй Баоцай мұнай-газ саласында жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үкімет басшысы Sinopec компаниясының тікелей қатысуымен елімізде бірқатар маңызды жобаның жүзеге асқанын, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялауды атап өтті.

Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру қажеттігін атап өткенін еске салды. Атап айтқанда, мұнай-газ химия өндірісін жедел дамыту міндеті қойылды.

Өз кезегінде Sinopec компаниясының басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласы бойынша ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл, өз кезегінде, екі ел халықтарының әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосуда.

Бұдан бөлек, Sinopec президенті мұнай-газ саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2144 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

Досым Сатпаев: Парламент как парк НУРского периода

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить