«Қизгидромет» РМҚ демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады.
«Ылғал қоры мол солтүстік циклон жақын күндері бұлтты және күзге тән салқын ауаны алып келеді. Қазақстанның барлық дерлік өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Батыс, солтүстік, орталық, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Ауа температурасы елдің көп бөлігінде күндіз 10-20 градус жылы болса, шығыс, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 20-30 градусқа дейін ысиды.
Вам может быть интересно: «Глава ООН высоко оценил роль АСЕАН «в наведении мостов взаимопонимания» во всем мире»
