ҚР Сыртқы істер министрлігінде ЮНЕСКО-мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) Алматы қаласындағы Кластерлік бюросы директорының міндетін атқарушы Амир Пиричпен кездесті.

Қ. Омаров Қазақстан мен ЮНЕСКО ынтымақтастығы соңғы жылдары жаңа деңгейге шыққанын атап өтті. Осы тұрғыда ол Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барудан басталған ЮНЕСКО-ның Бас директоры О. Азуленің ү.ж. маусым айында Астанаға жасаған сапарның қорытындысын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Қазақстандық дипломат Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілген жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, сондай-ақ креативті индустрияны дамыту бойынша ЮНЕСКО-мен бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Ол цифрлық және инклюзивті ортада педагогтардың біліктілігін арттыру жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ су қауіпсіздігі мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге қосқан үлесін атап өтті.

Өз кезегінде А. Пирич ЮНЕСКО-ның Алматы Кластерлік бюросы ұйымының өңірлік көп секторлы кеңсесі ретінде қайта құрылу барысы туралы хабардар етті. Тараптар ЮНЕСКО қамқорлығымен 2-санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының қызметін, сондай-ақ Ташкент маңындағы трансшекаралық су горизонты (GGRETA) жөнінде мәселелерді талқылады.

Қорытындылай келе, ЮНЕСКО Кеңсесінің Басшысы білім, ғылым және мәдениет салаларындағы жаңа жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3960 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3795
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2449
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3205
Forbes Video

БИРЖА: КАК НЕ ПОТЕРЯТЬ ВСЁ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить