ҚР денсаулық сақтау министрлігі Франция елшісімен бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісті

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс мырзамен кездесті.

Ведомство басшысы Франциямен стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті, оның шеңберінде тараптар бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті.

"Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Франция Республикасы Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің арасында Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы декларация белсенді түрде іске асырылуда", - деді министр кездесу барысында.

А. Ғиният Дидье Канесс мырзамен академиялық ұтқырлық, медицина кадрларын даярлау және біліктілігін арттыру, онкология және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, сондай-ақ медициналық технологиялар мен инновациялар мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар 2022 жылғы желтоқсанда ҚР ДСМ мен С3Мedical компаниясының арасында ауылдық жерлерде медициналық қызмет көрсетуді жақсарту үшін СҚО медициналық ұйымдарында телемедициналық шешімнің пилоттық жобасын іске қосу бойынша жасалған ынтымақтастық туралы меморандумды талқылады.

Сондай-ақ кездесуге Кюри институтының шетелдік пациенттерді қабылдау және паллиативтік медицина бөлімінің меңгерушісі, бұрын Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығына барған және онкологиялық көмектің жолға қойылғанын және келешегін атап өткен Бюрно Алексис қатысты.

Жалпы, тараптар денсаулық сақтау саласындағы әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Осы жағдайды пайдалана отырып, А. Ғиният Француз тарапын 2023 жылғы 23-26 қазан аралығында Астана қаласында өтетін МСАК жөніндегі жаһандық конференцияға және ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші отырысына қатысуға шақырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4906 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3798
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2450
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3207
Forbes Video

Стрит-арт культура в Казахстане. Есть ли будущее?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить