Астана әкімі қала мүлкіне ұқыппен қарауға шақырды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында вандализм мәселесін қозғады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қаламызды жақсарту үшін тұрғындармен күн сайын бірлесе жұмыс істейміз.
Абаттандырып, қолайлы ете түсеміз. Дегенмен өкінішке қарай, вандализм мен мәдениетке сай келмейтін әрекеттер бар. Кейбір азаматтардың ақылға қонымсыз әрекетінен жалпықалалық мүлікке зиян келеді: аялдамаларды, орындықтарды, аулаларды бүлдіреді, қоқыс жәшіктерін төңкеріп тастайды және т.б.
Осылайша қаланың өзге де тұрғындары мен қонақтарына сөз тиеді.

Вандализм – бұл жеке мәдениет пен тәрбиенің деңгейі. Әрі бұл сыннан кез келген адам өте бермейді.
Қалада қандай жұмысты қолға алсақ та, адамдарға ыңғайлы болу үшін орындаймыз. Жалпыға ортақ қала мүлкін бүлдіру арқылы құқық бұзушылар елорданың өзге тұрғындары мен қонақтарына қолайсыздық тудырады. Дәл осы көшеде олардың жақындары мен туыстары жүреді.

Осы жылдың 8 айында ғана елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Қаламыз полициямен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары күн сайын қаланы күзетіп, тәртіп бұзушыларды анықтайды.

Қаламызда жыл сайын камералар санын көбейтетін боламыз. Құқық бұзылғаны үшін қашанда жаза бар екенін ұмытпаған жөн. Кез келген құқық бұзушылыққа және қоғамдық айыптауға төзімділік нөлдік деңгейде болуы керек.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қаламызға ұқыппен қарауға шақырамын!
Бұл қалада жақындарымыз, туыстарымыз және өзіміз өмір сүреміз!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3416 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

Казахи в Украине: бизнес в условиях войны

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить