Инклюзивті білім беру 2025 жылға қарай елордадағы барлық білім беру ұйымын қамтитын болады

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтік бейімдеу шараларын қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2025 жылға қарай қаланың барлық оқу орнында мұндай жағдай жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде Астанада ерекше білім беруді қажет ететін 16 527 бала бар.

Елордада 64 балабақшада (65%) және 89 мектепте (94%) инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.
2025 жылға қарай мұндай жағдай барлық білім беру ұйымында жасалады.

«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тексеру бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру қызметін 6 ұйым көрсетеді. Жаңа оқу жылында №7 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылды. Жаңа мекеме сол жағалауда орналасқан және Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жыл соңына дейін тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашу жоспарланып отыр», - деді спикер.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылында үш мектепте (№3, 31, 95) инклюзивті қолдау кабинеті ашылды. Қаладағы мектептерде барлығы 28 инклюзивті қолдау кабинеті, балабақшаларда 4 кабинет бар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5298 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

Еркин Татишев : «Около 30% бизнеса в Казахстане не переживет коронакризис»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить