Батыс Қазақстан тарихының ескерткіштері ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілуі мүмкін

Ақтау қаласында ЮНЕСКО және Жапонияның Траст қорының (Japan FiT) жобасы аясында «Жібек жолының Дүниежүзілік мұрасына номинация процесін қолдау» атты маңызды шара өтті.

Қазақстан, Жапония, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Иран, Түрікменстан және Ресейдің ғалымдары мен сарапшылары бас қосқан семинарда халықаралық ынтымақтастықтың пен «Жібек жолы: Еділ-Каспий дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын дайындау аясындағы күш-жігерді үйлестірудің өзекті мәселелері қозғалды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Жібек жолымен байланысты тарихи-мәдени мұра нысандарын заманауи құжаттау аспектілері мен кезеңдерін талқылау. Семинарға қатысушылар тарихи және мәдени құндылығы бар бірегей нысандарды құжаттау және сақтау бойынша озық тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.

Семинарды ашқан «QazaqGeography» РҚБ Басқарма төрағасы Ерік Сұлтанов ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізу арқылы тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау жұмыстарында мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

«QazaqGeography қоғамдық институт ретінде Мәдениет және спорт министрлігімен және ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп Қазақстан Республикасы атынан осы жаһандық жобаның дамуына үлес қосуға дайын, ал түрлі елдердің жетекші сарапшыларын біріктірген, талқылауға арналған алаңды ұйымдастыру бірінші қадамы болды. Батыс Қазақстан – Ұлы Жібек жолының тарихи маңызды бөлігі, бұл аумақта ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енуі мүмкін көптеген ескерткіштер бар. Ал бүгінде біздің бар күш-жігеріміз осыған бағытталған», – деді Ерік Сұлтанов.

«Жібек жолы: Еділ-Каспий дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын дайындауға ерекше назар аударылады. Семинар осы жобаға қатысты мәселелерді талқылау және оны жүзеге асырудың оңтайлы тәсілдерін іздеу алаңына айналды.

«Ежелде Жібек жолы сауда айналымына ғана арналған жол емес, сонымен қатар білім беру және мәдени дүниелермен алмасу құралы болған. Ұлы Жібек жолының бір бөлігі болған тарихи-мәдени орындар рухани және көркемдік дамудың үлгілеріне, бізді көне әлемге апаратын нағыз мәдени қазынаға айналды. Сондықтан бүгін олар әлемдік мәдени тұғырдан ерекше орын алуға лайық», – деді ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Әлия Байсабаева.

Шара аясында Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу мақсатында көшпелі экскурсия да ұйымдастырылады. Бұл кезең қатысушыларға нақты объектілерімен жақын танысуға, олардың маңыздылығы туралы алғашқы түсінік алуға және олардың мысалында практикалық бөлікті зерттеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Түпқараған түбегінде орналасқан нысандар, соның ішінде Шақпақтысай шатқалының, Қосбайыр қорымының, Шақпақ ата жартас мешітінің және Қапамсай шатқалының ішіндегі нысандар зерттелмек. Сонымен қатар, Кенті-Баба қорымына, Сұлтан епе бейіті мен жерасты мешітіне және басқа да нысандарға бару жоспарлануда.

«Ұлы Жібек жолының Еділ-Каспий дәлізі әдістемені дайындау, техникалық нұсқаулықты ұсыну және жобаның әлеуетін арттыру аясындағы ЮНЕСКО-ның негізгі қызметіне сәйкес келеді. Осы платформа арқылы біз халықаралық ынтымақтастық пен мәдени диалогты құра аламыз», - деді Роланд Лин, ЮНЕСКО жобасының координаторы.

Ақтауда өткен семинар Жібек жолының Каспий теңізі тармағының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттаудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады. Қатысушылар әртүрлі елдердің сарапшыларының көмегімен жобаның алдында тұрған міндеттер мен қиындықтар туралы ортақ түсінігін байытып, жобаны сәтті жүзеге асырудың келесі қадамдары туралы шешім қабылдады.
Шара ЮНЕСКО-ның, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, Халықаралық Орталық Азияны зерттеу институтының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің белсенді қолдауымен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы – «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4985 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3781
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2437
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Президент авиакомпании Питер Фостер — о доходах в кризис, новых рейсах и развитии FlyArystan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить