Қазақстан құрама командасы EuroSkills халықаралық чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстан ұлттық құрама командасы EuroSkills чемпионатына қатысу тарихында үздік нәтиже көрсетіп, екі медальды қоржынымызға салды, деп хабарлайды «Talap» КеАҚ баспасөз қызметі. 

Жарысқа әлемнің 32 елінен 25 жасқа дейінгі 600 мықты жас мамандар қатысты.

EuroSkills Gdańsk 2023 сегізінші еуропалық чемпионатының үш конкурстық күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері бір күміс және бір қола медальға иеленді.

Руслан Юсупов "Веб технологиясы" құзіреттілігі бойынша күміс медаль иеленсе, Андрей Степанюк пен Станислав Горицин «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» командалық құзыреттілігі  қола медальмен қоржынымызды толықтырды.

Сонымен қатар, Алуа Жарасбаева (Графикалық дизайн), Ерасыл Бахытжан (инженерлік графика CAD ), Виталий Кайл (плиткамен қаптау), Ернияз Курманбеков және Ансар Оразгалиев (мехатроника) "Үздік медальонын" алды.

Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл Еуропа чемпионатындағы үшінші медаль. 2021 жылы Павлодар колледжінің түлегі Дина Афанасьева "Веб-әзірлеу" құзіреттілігі бойынша  үшінші орынға ие болды.

Биыл жарыс Польшаның Гданьск қаласында 5-9 қыркүйек аралығында өтті. Ұлттық құраманың құрамына 28 қатысушы және 25 халықаралық сарапшы кірді. Қазақстандықтар 25 құзыреттілік бойынша сынға түсті.

EuroSkills чемпионаты - бұл Еуропадағы кәсіптік білім беру және біліктілікті арттыру бағытындағы маңызды іс-шара. 25 жасқа дейінгі жас мамандарға арналған ең ірі халықаралық кәсіби шеберлік жарыстары WorldSkills Europe қатысушы елдерінің бірінде екі жылда бір рет өткізіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4709 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3781
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2437
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Как управлять 280 аптеками, развивать супермаркеты, строить новые рестораны и открывать гостиницы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить