Мәслихат өкілдерін бірлескен заң шығару жұмысына жұмылдырудың маңызы зор - Әшімбаев

 Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР парламенті сенатының баспасөз қызметі.

Онда депутаттар мемлекет басшысы Жолдауда белгілеп берген міндеттерді ескере отырып, палата жұмысының жаңа сессиядағы басымдықтарын талқылады. Сондай-ақ іс-шара барысында 14 қыркүйек күні өтетін сенат отырысының күн тәртібі айқындалды.

Бюро отырысында депутаттар VIIІ шақырылымдағы парламенттің ІІ сессиясына арналған Сенаттың жаңартылған негізгі іс-шаралар жоспарын талқылады. Осыған байланысты Мәулен Әшімбаев сенаторларды ашық және транспарентті форматта жұмыс істеуге, әріптестерімен және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, диалог алаңдарына белсенді қатысуға шақырды.

«Сенаттың ІІ сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жүктелген міндеттер ескеріле отырып пысықталды. Бұл іс-шаралар мүдделі тараптардың, сарапшылардың, әртүрлі саладағы мамандардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен ашық түрде өтуге тиіс. Мәслихат өкілдерін бірлескен заң шығару жұмысына белсенді жұмылдырудың да маңызы зор», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, сенаттың алдағы отырысында депутаттар халықаралық қызметке қатысты бірқатар заңды қарайды.

Сонымен қатар Бюро отырысында мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2431 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2748
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить