Ақмола облысында жол апаты екі адамның өмірін қиып кетті

Ақмола облысында жүк көлігі мен минивэн соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды  облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 10-да кешкі сағат 21:16 шамасында «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 998-шақырымында болған.

Белгілі болғандай, Атбасар қаласының 43 жастағы тұрғыны тізгіндеген «КамАЗ» жүк көлігі мен Toyota Estima минивэні соқтығысқан.

Салдарынан Toyota Estima көлігінің 72 және 57 жастағы жолаушылары оқиға орнында мерт болды.

Тағы екі адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жол апатынан 9 жасар қыз көз жұмғанын жазған едік.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3160 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

Смертность от инсульта снижает казахстанский стартап

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить