2027 жылға дейін Қазақстанда 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалмақ

ҚР Үкіметінің қаулыларымен Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді.Осылайша, 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген. Бұған дейін Министрлер кабинеті Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бойынша кешенді жоспарлар қабылдаған еді. 10 кешенді жоспар аясында 608 тармақтан тұратын іс-шараларды іске асыру көзделген: денсаулық сақтау, білім беру, спорт, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу, заманауи жабдықтарды сатып алу қарастырылған. Осы мақсаттарға 1,7 трлн теңге жоспарланған.

Ақмола облысының Степногорск қаласында өнім шығаруды 71 млрд теңгеден 90 млрд теңгеге дейін, ал ауыл шаруашылығындағы ЖІӨ көлемін 10%-ға арттыру көзделіп отыр. 3,5 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Медицина қызметкерлері жаңа медициналық колледжде дайындалатын болады. Орталық қалалық ауруханаға күрделі жөндеу және техникалық жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ жылумен және электрмен жабдықтау мен кәріз желілерінің тозу деңгейін төмендету жоспарланып отыр. 15 аула аумағын абаттандыру есебінен балаларға қолайлы жағдай жасалады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы моноқалаларға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау, олардың одан әрі дамуына және ең бастысы, онда тұратын азаматтарға қолдау көрсетуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев 27 моноқаланың әрқайсысының тұрақты экономикалық өсімнен бастап тоқырауға дейін даму перспективалары әртүрлі екенін атап өтті. Олардың кейбірі нарыққа бейімделіп, экономикасын әртараптандырып үлгерді. Бірақ жалпы даму жолындағы теңгерімсіздік айқын.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі моноқалаларды дамытуда кешенді тәсілді қолдану мақсатында, сондай-ақ жаңа шараларды жүйелеу және іске асыру үшін тиісті Жол картасын әзірлеп жатыр.

Жол картасында Моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізбесін, Әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу, индустриялық аймақтар мен озық даму аумақтарын құру және т.б. мәселелер көзделген.

Анықтама: Қазақстанда 89 қала бар, оның 27-сі – 1,4 млн халқы бар моноқалалар. Олар өнеркәсіп өнімдерінің шамамен 40%-ын өндіреді.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында 5 моноқалада 2 806 жұмыс орнын аша отырып 214,3 млрд теңге сомаға 14 «зәкірлік» жоба іске асырылуда.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2606 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
26 мая родились
Ерлан Карин
государственный секретарь Республики Казахстан
Алмаз Ибрагимов
экс-президент АО «Казахстанский электролизный завод», советник президента Кыргызстана
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить