Тоқаев кәсіпкерлік саласындағы басым міндеттерді атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік саласындағы басым міндеттерді атады.

«Енді уақыт оздырмай шешуді талап ететін басым міндеттерге тоқталайын.БІРІНШІ. Заң үстемдігін және жеке меншіктің қорғалуын қамтамасыз ету қажет.Бұл – кәсіпкерлікті дамытудың және инвестиция тартудың негізгі шарты. Алайда оны мүлтіксіз сақтау үшін жүйедегі бірқатар түйткілді шешу қажет.Мәселен, бақылаушы органдар мен соттар заң бұзушылықтың формальды белгілерін анықтаған кезде, оның мән-жайын тексеру қағидатын басшылыққа алмайды. Кәсіпорын қызметіндегі кез келген, тіпті болмашы қателіктің өзі көбіне қылмыс сияқты қаралады. Нәтижесінде еліміздің экономикасы ұдайы қылмыстық-құқықтық қысымға ұшырайды«, - деді Мемлекет басшысы.

Ол осы жиынға қатысып отырған құқық қорғау органдарының басшылары бұл мәселеге айрықша назар аударғаны жөн екенін жеткізді. Өйткені, бизнестен күштік құрылымдардың әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар толассыз түсіп жатыр.

«Қылмысқа, оның ішінде экономикалық сипаттағы қылмысқа қарсы күрес тек қана заң аясында жүргізілуі керек. Мұндай асырасілтеушілік мемлекеттің мүддесіне ғана қайшы келмейді, сонымен қатар Қазақстанның абырой-беделіне нұқсан келтіріп, менің бастамаларыма халықтың сенімін азайтады. Бізге қадағалаудың теңгерімді механизмін құру қажет. Мен бұған дейін әрбір маңызды инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын бақылау үшін қадағалаушы органнан бір қызметкерді бекіту туралы бастама көтердім. Алайда бұл мәселеде айтарлықтай нәтиже жоқ. Президент Әкімшілігіне Бас прокуратурамен және Бизнес-омбудсменмен бірлесе бір айдың ішінде тиісті ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Президент.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8715 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Еркин Татишев : «Около 30% бизнеса в Казахстане не переживет коронакризис»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить