Ақтөбе облысындағы үш ауданның халқы алғаш рет әкімдерін өздері сайлайды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясына қатысты. Сессияда Мемлекет басшысының аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау туралы тапсырмасын іске асыру мәселелері талқыланды.

«1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті атқарушы биліктің деңгейінде азаматтардың шешім қабылдауға тікелей қатысуын дәйекті түрде кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өздеріңізге белгілі, 2021 жылдан бастап ауыл, ауылдық округ әкімдерін азаматтар өздері сайлайды. Осы уақыт ішінде 101 ауылдық округ пен аудандық маңызы бар қалада әкімдер сайланды. Биылғы жылдың соңына дейін облыстың тағы 11 ауылдық округінде сайлау өткізу жоспарлануда. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аудан, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды сынақтан өткізуіміз керек», - деді депутаттар алдында баяндама жасаған облыс әкімі Асхат Шахаров.

Отырыс барысында сайлау биылғы жылдың 5 қарашасында Ырғыз, Ойыл және Қобда аудандарында өтеді деген шешім қабылданды. Аудан әкімі лауазымына үміткерлер ҚР мемлекеттік қызмет саласы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келетін, 25 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс. Сайланатын әкімдердің өкілеттік мерзімі – 4 жыл.

Сайлау науқанын өткізу үшін жергілікті бюджеттен 136,2 млн теңге бөлінеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13878 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Как заработать на козах

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить