Фармацевтикалық өнімдер бір жылда 10% қымбаттады

Биыл қаңтар–шілдеде елімізде негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жыл бұрынғы 90,7 млрд теңгемен салыстырғанда 86,7 млрд теңгені құрады. Ақшалай көрсеткіштің жылдық төмендеуі 4,4%. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 97,8%, деп хабарлайды energyprom.kz.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі: бір жыл бұрынғы 32,7 млрд теңгемен салыстырғанда 26,9 млрд теңге. Екінші және үшінші орында Алматы облысы (25,3 млрд теңге) және Алматы (16,2 млрд теңге) қалалары тұр.

80,7 млрд теңгеге фармацевтикалық препараттар, 3,6 млрд теңгеге негізгі фармацевтикалық өнімдер, 2,4 млрд теңгеге ветеринарияға арналған дәрілік заттар өндірілді.


2023 жылдың қаңтар–маусымында Қазақстан 694,2 млн АҚШ долларына 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Физикалық мәнде өсім 11,9%, ақшалай керісінше, 3,7% төмендеген.

ҚР-ға ТМД елдерінен 62,7 млн АҚШ долларына 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Ең көп Ресейден әкелінді: 2,9 мың тонна — былтырғыдан 14,7% аз. Негізгі бес жеткізушілердің қатарына Беларусь, Украина, Өзбекстан және Молдова кірді.

ТМД-дан тыс елдерден Қазақстанға 631,5 млн АҚШ долларына 9,9 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда жетекші жеткізушілер Қытай (2,2 мың тонна), Германия (1,3 мың тонна) және Үндістан (1,2 мың тонна).


Биыл тамыздың соңында ҚР-да фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 0,3%, бір жылда 9,8% өсті.

Ай сайынғы динамика бойынша бағаның ең көп өсімі Ақмола облысында (1,3%), ең азы Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстарында (әр облыста 0,1% ғана) тіркелді. Тағы екі облыста — Абай мен Павлодарда баға бұрынғы деңгейде қалды, ал Батыс Қазақстан (0,3%) және Шығыс Қазақстан (0,7%) облыстарында баға арзандады.

Жылдық динамика бойынша бағаның ең көп өсімі Алматы (16,6%), Ұлытау (14,7%) және Қызылорда (14,4%) облыстарында, ең азы — Жетісу облысында (4,7%) байқалды. Ешбір аймақта бағаның төмендеуі немесе ең болмағанда бағаны бұрынғы деңгейде ұстап тұру байқалған жоқ.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
10470 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Что не так с национальной политикой Казахстана?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить