Маңғыстау облысының прокурорлары құны 145 млн теңгеден асатын кәсіпорынды мемлекетке қайтарды

Маңғыстау облысының прокурорлары құны 145 млн теңгеден асатын «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» коммуналдық кәсіпорнын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды  ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұған дейін кәсіпорын Үкіметтің Денсаулық сақтау объектілерін мемлекет иелігінен шығаруға салынған тиымына қарамастан, кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге «Қарақия оңалту орталығы» ЖШС-ға сенімгерлік басқаруға берілген болатын.

Бүгінгі таңда сенімгерлік басқаруға беру шарты бұзылып, мүлік қайтадан мемлекеттің басқаруына қайтарылды.

Бұдан басқа, елордалық прокуратура мемлекет гранттар түрінде бөлген ақшаны қайтару жөнінде шаралар қабылдады.

Мәселен, Ғылым қоры 2017-2019 жылдар аралығында «Flow System» ЖШС-ға ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға 259 млн. теңге сомасында грант берген.

Алайда грант алушы Ғылым қоры алдындағы міндеттемелерін орындамай, жобаны іске асырмаған.

Осыған байланысты прокуратура сотқа талап арыз енгізді. Нәтижесінде сот жауапкерден мемлекет пайдасына 259 млн. теңге өндірді.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
9901 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3452
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Dream Team House переезжает в Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить