Енді тұрғындар МИБ төрағасын қол жинамай-ақ қайта сайлауға, үйді басқару бойынша жылдам шешімдер қабылдауға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Әділет министрлігі.
Министрлік «Управдом» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың наурыз айынан бастап тұрғындардың қолын онлайн жинауды, дауысты автоматты түрде санауды, кворумды есептеуді және электрондық хаттаманы қалыптастыруды көздейтін «МИБ цифрландыру» жобасын іске қосты.
Қазір шамамен 25 МИБ электронды түрде тіркелген. Бұл жоба МИБ қызметінің ашықтығын, алаяқтық әрекеттерді болдырмауды, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыруды, қағаз құжат айналымын жоюды көздейді.
Электрондық дауыс беру бойынша жоғарыда аталған тетікті қолдана отырып, барлық қазақстандыққа «МИБ төрағасын ауыстыру» қызметі қолжетімді.
МИБ төрағасын ауыстыру үшін авторизациядан, дауыс беруден өтіп, жаңа төрағаны таңдау қажет. Осы шарттар орындалғаннан кейін МИБ төрағасы автоматты түрде қайта сайланады.
Вам может быть интересно: «Еврокомиссия уточнила запрет на ввоз личных вещей россиянами»
