Елімізде үш бағыттағы автожол реконструкцияланып, 4 жолақты болады

Көлік министрі Марат Қарабаев өңірлерге жасаған жұмыс сапарынан кейін еліміздегі автожол саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді, деп хабарлайды  ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Алқалы жиын барысында автожол саласын одан әрі дамыту бойынша қалыптасқан жағдай мен алдағы уақытқа белгіленген жоспарлар, атап айтқанда басымдық берілген жобаларды іске асыру, жолдарды реконструкциялауға арналған жерлерді белгілеу, сондай-ақ жол бойында жолаушыларға қызмет көрсететін нысандар желісін кеңейту бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңейтілген кеңеске Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, автожолдардың құрылысына қатысатын отандық мердігерлік ұйымдардың, сондай-ақ жанармай құю бекеттері мен жол бойындағы сервис объектілерінің құрылысына инвестиция құятын компаниялардың өкілдері қатысты.

Аталған саланы дамытудың басымдықтары туралы айта келе, ведомство басшысы 2029 жылға дейін 4,7 мың шақырым жол салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру жұмыстарын бастау жоспарланып отырғанын айтты. Ол қазақстандықтарды сапалы жолдармен қамтамасыз ету міндеті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін және Президенттің сайлауалды бағдарламасында бекітілгенін атап өтті.

Сонымен бірге жаңадан құрылған министрліктің басшысы «Ақтөбе-Ұлғайсын-Қызылорда» (1363 км), «Жезқазған-Қарағанды» (513 км) және «Сарыағаш қаласын айналып өту» (102 км) автожолдарын реконструкциялау жөніндегі жобалар басымдық берілетін жобалардың қатарына қосылғаны туралы мәлімдеді.

Марат Қарабаевтың айтуынша, аталған жолдарды 4 жолақты қозғалыспен қамтамасыз етіп, I техникалық санатқа ауыстыру туралы шешім көлік қозғалысы қарқындылығының артуына байланысты қабылданған.

Республиканың жол-көлік әлеуетін іске асыру жөніндегі жоспарларға сәйкес көлік министрлігі республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту шеңберіндегі жұмысты белсенді түрде жалғастыратын болады.

Бүгінгі таңда елімізде жол бойындағы сервис1652 объектіні қамтып отыр, оның 78 пайызы ұлттық стандарт талаптарына жауап береді. Осылайша, жылдың соңына дейін тағы 78 нысанды іске қосуды жоспарланып отыр. Оның ішінде 53-і жеке инвестицияларды тарту есебінен іске қосылатын болады. Сонымен қатар жолдарды қайта жаңарту және жөндеу жобалары шеңберінде жаңадан 25 санитарлық-гигиеналық торап іске қосылмақ. Бұл ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол бойындағы сервис объектілерінің үлесін 82 пайызға дейін арттырады.

Бұдан бөлек 2029 жылға қарай стандартқа сәйкес келетін 200-ден астам жаңа нысан салу жоспарда бар.

Кеңес қорытындысы бойынша министр Марат Қарабаев учаскелерді мақсатсыз қолдану жағдайларын болдырмау мақсатында автомобиль жолдарын реконструкциялау үшін жерлерді алдын ала резервке қою жөнінде тапсырма берді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6302 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3780
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2436
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Андрей Мовчан: мигранты, курс рубля, инфляция

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить