Ақмола облысында прокуратураның араласуынан кейін 127 млн еуро тұратын кешен іске қосылды

Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаев ірі кәсіпкерлермен және инвесторлармен кездесуде кәсіпкерлерді қолдау және прокуратура органдарымен сүйемелдеуді қажет ететін инвестициялық жобалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Мәселен, прокурор Ақмола облысында абердин-ангус сиырларын бордақылайтын кешен құрылысын салу жобасын жүзеге асыру кезінде облыс экономикасына 127 миллион еуродан астам инвестиция құюды жоспарлаған инвестордың қандай кедергілерге тап болғанын хабарлады.

Құрылыс бастауға қажет жер учаскелерін және рұқсат құжаттарын ала алмауынан, инвестициялық жобаны жүзеге асыру 3 жылға жуық созылып, тек прокуратураның араласуынан кейін ғана 2 айдың ішінде инвесторлар өз жұмысын бастады.

«Тапсырма бар, міндеттер қойылды, прокуратура тарапынан инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жалғастырылатын болады. Қазіргі кездесудің басты мақсаты - мемлекеттік аппараттың бизнес қоғамдастықпен сенімді өзара іс-қимылын қалыптастыру», - деді облыс прокуроры.
Өз кезегінде жиынға қатысқан инвесторлар бизнес-ахуалдың жақсарғанына тоқталып, өңірдегі инвестициялық жобаларды қалыпты жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырған бірқатар мәселелерді атап өтті.

Кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына тарту және Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде бизнес өкілдерімен өткен кеңесте айтқан «кінәсіздік презумпциясын» сақтау мәселелері талқыланды.

Әрбір көтерілген мәселе облыс прокуратурасы жанынан жұмыс істейтін Фронт-офистің қызметі аясында шешілетіні атап өтілді.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары, Атамекен кәсіпкерлер палатасының директоры, «Қазақинвест» АҚ өңірлік директоры, Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Департаментінің бастығы, сондай-ақ облыстың құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Шақырылған инвесторлар осындай форматта өткізілген кездесуді және осындай сұхбат алаңында өзекті мәселелерді талқылау мүмкіндігін оң қабылдады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5830 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3780
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2436
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить