Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар аясында Қазақстан Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.
Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Вам может быть интересно: «США введут новые санкции против Москвы и Пхеньяна, если они заключат новые сделки по продаже вооружений»
