Қазақстанда алғаш рет заманауи агенттік құрылады

Мәжілістің жалпы отырысында депутатар Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдады.

Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру ЕАЭО-ға мүше елдердің экспорттық-импорттық қатынастарын дамытуға және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар мәжілісмендер Экспорттық-кредиттік агенттіктің және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Қайрат Төребаев «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ базасында Экспорттық-кредиттік агенттікті құру жоспарланып отырғанын айтты.
Агенттік жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғам нысанына ие болады. Оған нақты функцияларды бекіту ұсынылады. Мысалы, сақтандыру, қайта сақтандыру, экспорттық операцияларға кепілдік беру және қаржыландыру, сондай-ақ экспорттаушыларды сервистік қолдаудың жекелеген шараларын көрсету.

«Заңды қабылдау экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебеге ие болуына мүмкіндік береді. Қазақстандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырады, экспортқа бағдарланған өндірістерді ұлғайту есебінен жаңа жұмыс орындарын құрады, экспортқа бағдарланған өндірістер аударатын салықтарды көбейту есебінен бюджет қаражатын өсіреді және экспорттық себетті үлкейтеді», – деді қосымша баяндама жасаған Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі Руслан Қожасбаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6515 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3780
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2436
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3189
7 декабря родились
член совета сенаторов, экс-аким Мангистауской области
президент РОО «Национальная академия наук Республики Казахстан»
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить