Жалған ақша сатқан ерлі-зайыптылар Швециядан ұстап әкелініп, 5 жылға сотталды

Шымкент қаласының екі тұрғыны 4000 еуро сомасында жалған ақшаны (номиналы 500 еуро банкноталар) сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігi.

Бұған дейін 2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 000 еуро жалған ақша сатқан.

Аталған факт бойынша тергеу жүргізілді, оның нәтижесі бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Банк қызметкерлеріне жалған купюра берген азаматқа халықаралық іздеу жарияланып, наурыз айында ол Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытуға және қолма-қол ақшаны мұқият қайта санап алуға шақырады.

Жалған ақша тауып алсаңыз, ең бастысы - оны сатуға тырыспаңыз.

ҚР ҚК 231-бабына сәйкес өз қаражатын қайтарып алуға деген ұмтылыс қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Жалған купюра тапсаңыз, дереу түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне немесе ҚР ҚМА call-орталығына хабарласыңыз.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3511 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
25 мая родились
Данияр Акишев
экс-помощник первого президента Казахстана
Forbes Video

Начинали с базара: как Александр Дериглазов с братом построили империю «Меломан»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить